• 001.jpg
  • 003.jpg
  • 004.jpg
  • 005.JPG
  • 006.jpg

 

 

Өңір жаңалықтары

19 Қазан 2021

«Қазақстандағы музей ісі дамуының жаңа тенденциялары мен перспективалары және археологиялық зерттеулері» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

Солтүстік Қазақстан облысы әділетті түрде Қазақстанның солтүстік қақпасы болып есептеледі. Солтүстік Қазақстан – бұл бояулардың тасқындығы, табиғаттың сән-салтанаттылығы, дегенмен сонымен бірге таңғаларлық қатаңдық, тіпті айбарлық. Солтүстік Қазақстан аумағында республикалық мәні бар бірқатар бірегей табиғи кешендер орналасқан және қазіргі уақытта туризмді дамыту үшін айтарлықтай перспективасы бар, өйткені сүйсіндірер табиғатынан басқа көптеген тарихи-мәдени мәндегі нысандар да бар. Ең танымалдардың бірі – бұл Имантау-Шалқар курорттық аймағына жақын жерде орналасқан Ботай қонысы. Бүгінде Ботай қонысына айрықша назар аударылған. Өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты басты мақаласында Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев бірінші қырының бірі деп салт аттылық мәдениетті атады, «өйткені адамның жылқыны алғаш рет қолға үйретуі қазіргі кездегі Қазақстанның аумағында пайда болды, бұны еліміздің солтүстігіндегі «Ботай» қонысының қазба жұмыстары куәландырады».  Көпжылдық қазба жұмыстары, археологтар тапқан заттар В.Б. Зайбертке энеолиттің Ботай мәдениетін негізді түрде атап көрсетуге және Ботай қонысын Қазақстанның киелі нысандар тізіміне енгізуге мүмкіндік берді.

18 Қазан 2021

18 қазан – Рухани келісім күні

18 қазан – Рухани келісім күні. Бұл күн Қазақстанда дүниежүзілік деңгейдегі теңдессіз оқиға – рухани келісімнің алғашқы әлемдік конгресі өткен 1992 жылдан бастау алады.

11 Қазан 2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстандағы музей ісі дамуының жаңа тенденциялары мен перспективалары және археологиялық зерттеулері» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

2021 жылдың 7 - 8 қазанында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстандағы музей ісі дамуының жаңа тенденциялары мен перспективалары және археологиялық зерттеулері» республикалық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды.

 

20 Қыркүйек 2021

Ботай мәдениетінің ескерткіштерін зерттеу

ҚР МСМ қаржыландыратын «Ботай қонысында археологиялық ғылыми -эксперименттік зерттеулер және қамтамасыз ету жүйелерін, ботай мәдениеті иегерлерінің дүинетамдық-киелі контекстерін модельдеу» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу бағдарламасын іске асыру бойынша тапсырмалар шеңберінде, «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері Қостанай облысы аумағында археологиялық барлау жұмыстарын жүргізді.

14 Қыркүйек 2021

Көркемдік кеңестің отырысы

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт Министрлігі Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-нің көркемдік кеңесінің отырысы өтті. Іс-шара барысында көркемдік кеңестің жаңа құрамы сайланды, сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны насихаттауды жақсарту мәселелері қаралды.

Фоторепортаж